ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігі ұйымдастырған «Тоталитаризм құрбандарын еске алу – Еуропа мен Қазақстан арасында жаңа көпірлер салу» онлайн-пікірталас

2021 жылдың 31 мамырында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай  “Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия” жобалық тобының мүшелері Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Свен – Олов Карлссон мырза және ҚР – дағы бірқатар Еуропалық одақ елдерінің өкілдіктері, АЛЖИР мұражайы және Қазақстандағы «еуропалық» ұлттық азшылықтарды біріктіретін үкіметтік емес ұйымдарымен бірге ұйымдастырған  «Тоталитаризм құрбандарын еске алу – Еуропа мен Қазақстан арасында жаңа ынтымақтастық көпірін орнату» онлайн пікір алмасуға қатысты.

                                        

Іс-шараның модераторы: ҚР Мәжілісінің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы – А. Құспан.

Қатысушылардың пікірінше, барлық айырулар мен ауыртпалықтарға қарамастан, 1932-1933 жылдардағы алапат аштықтың зардаптарынан әлі айыға алмаған Қазақстан халқы мыңдаған адамдарды қолдап, аштық пен өлімнен құтқарып, бұрын-соңды болмаған жомарттық танытты.