Ағымдағы жылдың 18 маусымында «Jean Monnet Chair. European Diplomacy» жобалық тобы «Орталық Азия және Еуропалық Одақ: өзара іс-қимылдың жаңа көкжиектері» тақырыбында халықаралық ғылыми вебинар өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты Орталық Азия және Еуроодақ арасындағы алуан түрлі қатынастардың өзекті мәселелерін және болашағын талқылау болды.
Халықаралық вебинарға Нұр-Сұлтан университеттерінің бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінің студенттері, оқытушылар, республикалық ғылыми және білім беру орталықтарының зерттеушілері қатысты.
Вебинар барысында Германия, Франция, Болгария және Украинадан келген зерттеушілер, профессорлар аталған тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.
Беате Эшмент, доктор, Шығыс Еуропалық және халықаралық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері (Берлин, Германия) «Германиядағы Орталық Азияны зерттеу жағдайы: Аймақтың маңыздылығы артып келе жатқанда зерттеулердің қысқаруы» атты тақырыпта баяндама жасады.
Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстардың тарихи және мәдени тамырлары және Аттила феномені Халықаралық «Конкорд» академиясының президенті (Париж, Франция) профессор Томский Григорий Васильевичтің видеолекциясында талқыланды.
Токарь Петр Васильевич, Ужгород ұлттық университетінің профессоры (Ужгород, Украина) Украина және Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың факторлары туралы ойын ортаға салды.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің шақырылған профессоры Камен Величковтың баяндамасында Орталық Азиядағы регионализм жағдайы және оның қалыптасуындағы ЕО рөлі талданды.
Қаралған мәселелер бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері Еркін Байдаров кең түсініктеме жасап, Қазақстан және ОАО үшін еуропалық тақырыптардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
Қатысушылардың пікірінше, вебинар барысында Орталық Азия мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылдың келешегі мен проблемалары туралы терең де пайдалы пікір алмасу болды.