Ағымдағы жылдың 18 маусымында «Jean Monnet Chair. European Diplomacy» жобалық тобы «Орталық Азия және Еуропалық Одақ: өзара іс-қимылдың жаңа көкжиектері» тақырыбында халықаралық ғылыми вебинар өткізеді. Бұл іс-шараның мақсаты – Орталық Азия және Еуроодақ арасындағы алуан түрлі қатынастардың өзекті мәселелерін және болашағын талқылау. Келесі спикерлер қарастырылып отырған тақырып бойынша өз ойларын бөліседі:
Беате Эшмент, доктор, Шығыс Еуропалық және халықаралық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері (Берлин, Германия):
«Германиядағы Орталық Азияны зерттеу жағдайы: Аймақтың маңыздылығы артып келе жатқанда зерттеулердің қысқаруы».
Томский Григорий Васильевич, профессор, Халықаралық «Конкорде» академиясының президенті (Париж, Франция):
«Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстардың тарихи және мәдени тамырлары туралы. Аттила феномені».
Токар Петр Васильевич, Ужгород ұлттық университетінің профессоры (Ужгород, Украина):
«Украина және Қазақстан: мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың факторлары».
Камен Величков, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің шақырылған профессоры:
«ЕО-ның Орталық Азиядағы саясаты: сырттан құрылған регионализм».
Модератор- Жобаның үйлестірушісі Жанар Медеубаева
Вебинар 16.00-де Zoom платформасында өтеді.
https://us04web.zoom.us/j/75057003797?pwd=S3Y4R3FacERQc00wSG1nUU5NczVJdz09
Идентификатор конференции: 750 5700 3797
Код доступа: t0TpHn