Жобасының үйлестірушісі Жанар Медеубаева Ужгород ұлттық университетінің (Украина) «Иммиграция және трансұлттық: ЕС тәжірибесі» атты Халықаралық жазғы онлайн мектебінің жұмысы барысында баяндама жасады

Ағымдағы жылдың 23 маусымында «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия » жобасының үйлестірушісі Жанар Медеубаева Ужгород ұлттық университетінің (Украина) «Жан Моне Транскарпаттық Еуропалық зерттеулерді дамыту орталығы» жобасы аясында ұйымдастырылған «Иммиграция және трансұлттық: ЕС тәжірибесі» атты Халықаралық жазғы онлайн мектебінің жұмысы барысында «Қазақстандағы көші-қонды басқару мәселелері: ЕО-ның көмегі» тақырыбында баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында жалпы ел қауіпсіздігінің өсіп жатқан ішкі және сыртқы сын-қатерлері жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы көші-қон және оны басқару мәселелері туралы өзінің көзқарасымен бөлісті. Республикадағы көші-қонды басқаруға Еуропалық Одақтың көмегін талдай отырып, ол ЕО-ның көші-қон мәселелерін Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағында шешуге қосқан маңызды үлесін атап өтті.