Жоба жайлы

Эразмус+ «Jean Monnet Actions»
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
«Жан Моне «Еуропалық дипломатия» кафедрасы»
Іске асыру мерзімі: 2018-2020 жылдар

«Жан Моне «Еуропалық дипломатия» кафедрасының»  негізгі мақсаты – еуропалық құндылықтардың,  еуропалық  интеграция мен дипломатия идеяларын елімізде және Орталық Азияда, жалпы  еуразиялық кеңістікте одан ары насихаттау мен таратуға  академиялық қолдау көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді орындау қажет деп ойлаймыз:

Білім беру қырында:

– Жоғары оқу орындарынданың  студенттерінде Еуропалық интеграция және дипломатияның дамуы мен жетістіктері, мәселелері бойынша пайым, терең білім қалыптастыру.

Ғылым қырында:

– Еуропалық дипломатия мен сыртқы саясат мәселелері  бойынша Қазақстан мен Орталық Азиядағы университеттеріндегі  зерттеулерге одан ары  түрткі болу.

Әдіснемелік қыр:

–  Қазақстан жоғары оқу орындарында Еуропалық дипломатия  мәселелері  бойынша жүргізілетін пәндердің сапасын  оқытушыларға өзекті ақпаратты ұсыну, әдістемелік қолдау көрсету арқылы көтеру.

Ақпараттық қыр:

– Еліміз бен Орталық Азия аймағында европалық құндылықтарды бойға сіңіру, Еуропалық Одақтың жетістіктерін тануға  қолда бар медиа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сеп болу.

Алдыға қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін барлық келемін деушілерге арнап еуропалық дипломатияның дамуы мен өзекті мәселелері бойынша дөңгелек стол, вебинар, жазғы мектеп пен қашықтан оқыту курстары жоспарланған. Бұл шаралар барысында аймақтық университеттер оқытушыларына ерекше мән беріледі. Кафедраның қызметінде оқытушылар мен студенттердің академилық ұтқырлығы, білім мен тәжіребие алмасу, аталмыш тақырып бойынша ғылыми зерттеу жүргізу, жас ғалымдардың шығармашылығы, жаңашыл тәсілнемелерді оқу үрдісіне енгізу  басты назарда болады. Студенттердің еуропалық дипломатия тақырыбында жазылған жұмыстарының конкурсы жастар арасында қызығушылық тудырады деп кутілуде. Жан Моне кафедрасының барлық қызметі, іс шаралары ақпарат құралдарында көрініс табады.

Ең бастысы Жан Моне кафедрасының  академиялық белсенділігі студентке бағытталған және мәслелі оқыту әдістерін енгізуді ілгерілетеді. Осының бары Еуразия ұлттық университетінің түлектерінің еңбек нарығындағы артықшылықтарын үстемелеп, кәсіби, мансаптық өсулеріне сеп болады деп ойлаймыз.

 

Жобаны  бірінші жылда   (2018 жылдың қыркүйек айы – 2019 жылғы маусым) іске асыруда орындалды:

  1. «Жан Моне – Еуропалық дипломатия» аудиториясын ашу және пайдалану;
  2. Келесі пәндер дайындалып, өткізілді:

«Еуропалық дипломатияның эволюциясы» (қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде), дәрістер және тәжірибелік сабақтар, 45 сағат;

«Еуропалық интеграцияның экономикалық моделі» (қазақ және орыс тілдерінде), дәрістер және тәжірибелік сабақтар, 45 сағат;

«Әлемдік интеграция: теория және тәжірибе» (орыс тілінде), лекциялар мен тәжірибелік сабақтар, 45 сағат;

«Батыс Еуропадағы интеграциялық процестер: проблемалар және перспективалар» (ағылшын тілінде), лекциялар мен тәжірибелік сабақтар, 45 сағат;

«Дипломатияның генезисі және эволюциясы» (ағылшын және орыс тілдерінде), дәрістер және тәжірибелік сабақтар, 45 сағат;

«БАҚ және дипломатия» (ағылшын және орыс тілдерінде), лекциялар мен тәжірибелік сабақтар, 45 сағат.

  1. «Еуропалық дипломатия: теория және тәжірибе» оқулығын дайындау және жариялау;
  2. «Еуропалық интеграцияның және дипломатияның өзекті мәселелері» атты халықаралық қашықтан оқыту мектебін өткізу.