2020 жылдың 16-17 қыркүйегіндеЛ.Гумилеватындағы ЕҰУ негізінде «Қашықтық танбілім беру: ғаламды қауқымдағы жаңа сын-қатерлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қатысушылардың диалогы пленарлық отырыста, 5 секция жұмысында, воркшоптар, виртуалды сессиялар, семинарлар, вебинар форматындағы шеберлік сыныптары өтті. 300-ден астам қатысушылардың құрамына академиялық қауымдастықтың өкілдері, магистранттар, Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, АҚШ, Үндістан, Бельгия, Испания, Ұлыбритания докторанттары, сондай-ақ серіктестік Cisco, Microsoft ұйымдарының өкілдері болды.
«DOT қолдану арқылы білім беру бағдарламаларын іске асыруда оқу қызметін ұйымдастыру әдістері мен формалары» атты бірінші бөлімнің жұмысына «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» мүшелері Таштемханова Р.М. және Медеубаева Ж.М. қатысты. Олар біздің кафедрада пәндерді оқытудың инновациялық әдістерін қамтитын баяндама жасады. Олардың пікірінше, дамыған елдердің білім беру мекемелерінде кеңтаралған және коронавирус пандемиясының таралуы және онымен байланысты қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру процесінде, сондай-ақ ұйымдастыру барысында белсенді қолданылып жүрген «төңкерілген класс» технологиясы ерекше орыналады.
Конференция нәтижесінде материалдар жинағының екі бөлімі шығарылды. «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобасының пәндерін қашықтықтан оқытудағы инновациялық әдістері» атты Таштемханова Р.М. және Медеубаева Ж.М. мақалалары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағының бірінші бөлімінде жарияланды.