«Мен қазіргі әлемдегі Еуропалық Одақтың рөлін қалай бағалаймын» тақырыбындағы студенттердің жұмыс байқауының жеңімпаздары

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Мен қазіргі әлемдегі Еуропалық Одақтың рөлін қалай бағалаймын» тақырыбында студенттер шығармашылығының конкурсы өткізілді, оны Еуропалық Комиссияның Эразмус + бағдарламасы аясындағы «Жан Моне Кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобалық тобы ұйымдастырды.

Байқау осы жылдың 15-17 қазанында атап өтілетін Эразмус күніне орайластырылды. Байқауға елу төрт студенттің жұмысы келіп түсті. Өтініш берушілер негізінен бакалавриат деңгейінің студенттері. 16 қазанда zoom платформасында онлайн кездесу форматында байқау жеңімпаздары анықталды. Жоба тобы таңдаған алты үздік жұмыстың мазмұнын  олардың авторлары баяндап өтті. Қатысушылар сондай-ақ осындай жарыстарды әрі қарай өткізу, қатысушылар шеңберін және тақырыптарын кеңейту жөнінде тілек білдірді.

«Мен қазіргі әлемдегі Еуропалық Одақтың рөлін қалай бағалаймын» тақырыбындағы студенттердің жұмыс байқауының жеңімпаздары:

1 – орын Сәбит Жанельге берілді;

2 – орынды Рамазан Ильямбек пен Самархан Шұғыла бөлісті;

3-орын Констатин Байков, Асқар Акилбеков және Аяжан Исаеваға берілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!