2021 жылы 21 желтоқсанда жоба тобының мүшесі Кенжалина Г.Ж. Алламе Табатабай университеті ұйымдастырған «Еуропалық Одақтың Жалпы сыртқы және қауіпсіздік саясаты. Таяу Шығыс және Иран» тақырыбында халықаралық конференциясына қатысты.
Конференция онлайн режимінде өтті. Конференцияға әр түрлі елдердің (Бельгия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Сирия, Түркия, Солтүстік Македония, Сирия, Украина) академиялық және ғылыми қоғамдастықтарының өкілдері қатысты, олар ЕО-ның Таяу Шығыстағы және Ирандағы жалпы сыртқы және қауіпсіздік саясаты туралы баяндамалар жасады.
Кенжалина Г.Ж. «Еуропалық Одақтың Таяу Шығыстағы және Ирандағы жұмсақ күші» тақырыбында баяндама жасады. Баяндаманың мақсаты Таяу Шығыс пен Иранға қатысты ЕО-ның жұмсақ күші моделінің ілгерілеуін зерттеу болды. Біріншіден, баяндамада жұмсақ күштің тұжырымдамалық негіздері зерттелді. Екіншіден, Таяу Шығыстағы және Ирандағы табысты ынтымақтастық үшін ЕО-ның тиімді басқару, демократия, экономикалық өркендеу және қауіпсіздікке қосқан үлесі. Үшінші бөлімде ЕО-ның жұмсақ күші саясатының нәтижелері мен тенденцияларын бағалайтын тұжырымдар ұсынылды. Зерттеу Таяу Шығыс пен Иранға ЕО-ның назары мен қатысуы артқанын және ЕО-ның аймақтағы оқиғаларға әсер ету мүмкіндігіне ие болғандығын және осы елдерге қатысты айтарлықтай жұмсақ күшке ие екендігін көрсетті.
Жалпы, халықаралық конференция сәтті аяқталды, қатысушылардың баяндамалары тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.