Үстіміздегі жылдың 27 қыркүйегінде Халықаралық қатынастар факультетінде «Жан Моне – Еуропалық дипломатия» кабинеті ашылды. Мұндай кабинеттің ашылуы факультет оқытушыларының Еуропалық Одақтың «Эразмус Мундус +» бағдарламасы шеңберінде «Жан Моне кафедрасы» бағдарламасы бойынша грант жеңіп алуы арқасында мүмкін болды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Халықаралық қатынастар және инновациялар жөніндегі проректоры Б.Ж.Сомжүрек өз сөзінде жиналған оқытушылар мен студенттерге, магистранттарға, еуропалық интеграцияның аталарының бірі Жан Моне идеяларын зерттеудің өзектілігін атап өтті.
Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Азмуханова «Jean Monet – еуропалық дипломатия» кабинеті кафедрада білім беру бағдарламаларын оқыту мен интернационализациялау сапасын жаңа деңгейге көтереді деп атап өтті.
Аймақтану кафедрасының меңгерушісі А.Н. Оспанова кабинет жұмысының арқасында аймақтанушы студенттер Батыс Еуропадағы аймақтық үдерістерді тереңірек оқып-білу мүмкіндігіне ие болады деген үмітін білдірді.
Студенттер мен магистранттар өздерінің сөйлеген сөздерінде ұстаздарын құттықтаумен бірге, халықаралық қатынастар мен аймақтану саласындағы болашақ мамандар ретінде өздерінің құзыреттіліктерін кеңейтуде еуропалық пәндерді оқудың маңыздылығын атап өтті.