Ағымдағы жылдың 9 қарашасында жоба үйлестірушісі Медеубаева Ж.М. «Еуропалық Одақ дипломатиясының өзекті мәселелері» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Дәріс инверттік сынып түрінде ұйымдастырылды, онда студенттер тек оқу процесінің объектісі ғана емес, сонымен бірге ЕО дипломатиясы туралы идеялар мен білімнің негізгі жеткізушілері болды. Тақырыпты талқылау барысында студенттер еуропалық дипломатияның аймақтық және жаһандық процестерге нақты әсері туралы негізгі гипотезаны алға тартты және оны қолдаған немесе қарсы дәлелдер келтірді.
Пікір алмасу нәтижесінде студенттер әлемдік саясаттағы өзекті мәселелерді шешудегі еуропалық дипломатияның бірегейлігі мен үлкен әлеуетін атап өтті.