Ағымдағы жылдың 26 ақпанында «Еуропаның достары» клубының кезекті отырысы өтті. Кездесудің басында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының бірінші курс магистранттары клубтың жаңа мүшелері болып қабылдады.
Клуб президенті, «Аймақтану» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Таир Нигманов клуб жұмысы және талқыланатын тақырыптар туралы әңгімеледі. Содан кейін студенттер «Еуропалық Одақтың қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі» тақырыбын талқылады.
Талқылау нәтижесінде ЕО-ның әлемдегі қоршаған ортаны қорғаудағы көшбасшылық рөлі туралы қорытынды жасалды.