Ағымдағы жылдың 6 мамырында Еуропа күніне арналған «Еуропаның достары» клубының онлайн отырысы өтеді. Кездесу барысында «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобалық тобының мүшелері, «Еуропаның достары» клубының мүшелері, студенттер мен магистранттар Еуропалық Одақтың қазіргі жағдайын, реформа жасау мәселелерін Еуропадағы және әлемдегі соңғы оқиғалар мен тенденциялар тұрғысынан талқылады.
Жобалық топ мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Халықаралық қатынастар факультетінің шақырылған профессоры Камен Величков «Алдағы ЕО-ны қайта құру және оның халықаралық саясатқа ықтимал әсері» тақырыбында баяндама жасады. Жобаның үйлестірушісі Медеубаева Ж.М., жоба тобының мүшелері профессор Таштемханова Р.М., Жанбулатова Р.С. осы мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды.
Клуб президенті, магистрант Тахир Нигманов Еуропалық Одақтың реформалау мен кеңейту перспективалары туралы өз пікірін білдірді.
Клуб отырысы әр айдың басында өткізіледі және оның есігі қатысуға ниет білдірушілердің барлығына ашық.