Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Құрметті достар!

Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Еуропалық Одаққа мүше елдерінде бұл күні 2008 жылы құрылған Еуропа күні де  атап өтіледі. Осыдан 70 жыл бұрын, 1950 жылдың  9 мамырында еуропалық интеграцияның негізін қалаған Шуман Декларациясы қабылданды. Бұл күн  Еуропалық Одақ халықтарының бірлігінің нышанына айналды.

Жеңістің 75 жылдығы мен еуропалық интеграцияның 70 жылдығы сияқты  елеулі оқиғалар біздің халықтарымыздың бейбіт өмірге, бірлікке, өркендеу мен жарқын болашаққа деген үміттеріне ерекше мән аудартады.

Осы үміттеріміз орындала берсін!