«Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобалық топ мүшелерінің мақалалары Ужгород ұлттық университетінің «Халықаралық ғылыми хабаршысысында» жарияланды.

«Жан Моне кафедрасы.  Еуропалық дипломатия» жобалық топ мүшелерінің еуропалық интеграция және дипломатия мәселелеріне арналған мақалалары  Ужгород  ұлттық университетінің  «Халықаралық ғылыми хабаршысысында» (Арнайы шығарылым 1 (21). 2020), Украина,  жарияланды.

Бұл жарияланымда УжҰУ базасында 2020 жылғы 24 наурызда өткен екі ғылыми іс-шараның материалдары: «Жаһандану жағдайындағы Украинаның көші-қон саясаты: жинақталған тәжірибе мен  қауіптер» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция және «Еуропалық дипломатия және Еуропалық Одақтың институционалдық жүйесінің эволюциясы» атты халықаралық ғылыми семинардың материалдары жинақталған.

Жобаның үйлестірушісі Ж.Медеубаева өз мақаласында әлемдік тәртіпті қайта құру жағдайында ЕО дипломатиялық институттарының қазіргі күйін, қызметінің  өзекті аспектілерін талдайды. Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ материалдары мысалындағы Қазақстандағы Еуропалық Одақтың академиялық дипломатиясы жоба тобының мүшесі Р. Таштемханованың мақаласында қарастырылған.  Б.Сомжуректің (А. Ибраевамен бірлесіп) «ЕО-Орталық Азия ынтымақтастығының мәдени аспектісі» атты мақаласы да осында  жарияланды. Р.Жанбулатова өз мақаласында Орталық Азия елдеріне үлгі бола алатын ЕО-дағы шекаралық ынтымақтастықтың өзекті тақырыбын көтереді.

Жоба тобының мүшелері УжҰУ профессоры Петр Токарьға Украина, Қазақстан, Словакия және Румыния ғалымдарының басын қосып, осындай жарияланымды шығаруда көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.