«Жан Моне жобалары: қалай қатысуға болады» атты онлайн семинар

2021 ж. 26 қаңтарында «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық  дипломатия» координатор Медеубаева Ж.М. және орындаушылар К.Величков, Таштемханова Р.М., Жанбулатова Р.С., Кенжалина Г.Ж.  кіретін жобалық топ «Жан Моне жобалары:  қалай қатысуға болады» атты онлайн семинар өткізді. Семинарға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларының жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары қатысты.

Семинар барысында  жоба тобы ЕО ЕК Эразмус + шеңберіндегі «Жан Моне жобалары»  аясында грантқа алу  тәжірибесімен бөлісті. Жоба тобының мүшесі Кенжалина Гүлсім өтінімді толтыру, жобаны іске асыру жоспарын құру бойынша жұмыс жасаудың техникалық аспектілерін ашып  көрсетті. Жоба үйлестірушісі Медеубаева Жанар өз сөзінде жобалардың тақырыбын таңдау, орындаушылар тобын құру және мақсатқа жету үшін қолда бар ресурстарды пайдалану жөнінде ұсыныстар берді. Жоба тобының мүшесі, профессор Камен Величков грантқа үміткерлерге деген тілегін білдірді. Соңында жоба тобы мүшелері семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.