«Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия » жобалық топ мүшелері  Украина-Қазақстан: Jean Monnet Activities тәжірибе алмасу және ынтымақтастық перспективалары» атты халықаралық телекөпірінің жұмысына қатысты

Ағымдағы жылдың 9 ақпанында «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия » жобалық топ мүшелері  Украина-Қазақстан: Jean Monnet Activities тәжірибе алмасу және ынтымақтастық перспективалары» атты халықаралық телекөпірінің жұмысына қатысты. Телекөпірді Қазақстандағы Эразмус + ұлттық кеңсесі, Украинадағы Эразмус + ұлттық кеңсесі және Еуропалық интеграцияны оқытушылар мен зерттеушілерінің украин қауымдастығы ұйымдастырды.

Телекөпірге Қазақстан мен Украинаның университеттерінен 200-ге жуық оқытушылар қатысты. Телекөпір барысында Jean Monnet Activities шеңберінде жобаларды жүзеге асырып жатқан екі елдің өкілдері өз сөздерінде қазақстандық және украиналық тәжірибені салыстырып, практикалық кеңестермен алмасты және еуропалық зерттеулер саласында тығыз ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар берді.

Жоба тобының мүшесі Кенжалина Гүлсім «Жан Монне  кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобасын жүзеге асыру тәжіребиесімен бөлісіп, еуропалық интеграция мен дипломатия идеяларын тарату мақсатына жету үшін топтыық жұмыстың маңызды сәттерін атап өтті.