Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2021 жылдың 12 сәуірінде өтетін «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2021» атты XVI Халықаралық ғылыми конференциясына студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды қашықтықтан қатысуға шақырады.
Конференцияда “Еуропалық интеграция мен дипломатияның мәселелері” («Жан Моне-Еуропалық дипломатия» жобасы аясында) секцияның жұмысы жоспарланып отыр.
Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Баяндама материалы автор жүргізген жұмыстың сипаты, мазмұны және нәтижесі туралы анық көрініс беруі тиіс.
Бір адам екі реттен артық автор немесе қосалқы автор бола алмайды.
Материал Word 97-2003 мәтіндік редакторда, «Times New Roman», №12 шрифтте және 1 интервалмен болуы тиіс. Формулалар Microsoft Equation 3.0 редакторымен терілуі керек. Кестелердің, сызбалар мен суреттердің атауы көрсетіліп, нөмірленуі қажет. Беттің параметрі барлық жағынан 20 мм. Материал көлемі 3-тен 5 бетке дейін.
Толтыру үлгісі
УДК…….СМОЛЯК ТОРЫ ДИСКРЕПАНСЫНЫҢ ДӘЛ РЕТІ ТУРАЛЫ(1 шегініс)Наурызбеков Наурызбек Наурызбекұлыnngmath@mail.ruЛ.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Теоретикалық математика және ғылыми есептеу институтының ғылыми қызметкері, Астана, ҚазақстанҒылыми жетекшісі – Н.Темірғалиев(1 шегініс)Мақала мәтіні(1 шегініс)Қолданылған әдебиеттер тізімі1. Райдер Л. Квантовая теория поля. – М.: Платон, 1998, 315 с.2. Ажгалиев Ш.У., Темиргалиев Н. Об информативной мощности линейных функционалов // Мат. заметки, Т. 73, №6, 2003, С. 803-812.3. Темиргалиев Н. Об оптимальном восстановлении решений классических уравнений математической физики // I-съезд математиков Казахстана: Тезисы докладов. Шымкент. 1996. С.151-153.4. N.Nayryzbayev, N.Temirgaliev An Exact Order of Discrepancy of the Smolyak Grid and Some General Conclusions in the Theory of Numerical Integration // Found Comput Math. 2012 №12. P.139–172 |
Дерекнамаға берілетін сілтемелер мен нұсқаулар қолданылуына қарай нөмірленіп, баяндама соңында көрсетілуі қажет. Мәтін стилистикалық және техникалық жағынан түзетілген болуы тиіс.
Қатысу шарты:
Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.
Конференцияға сырттай қатысуға рұқсат етілмейді (шет елдік қатысушылар ғана сырттай қатыса алады).
Конференцияға қатысушылар тиісті секция бойынша электронды адреске 2020 жылдың 25 наурызына дейін:
- Рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес баяндама мәтінін;
- Жіберілетін материалға ғылыми жетекшінің немесе факультет басшысының пікір-ұсынысын (сканерленген нұсқада);
- Конференцияға қатысуға өтінішті жіберулері қажет.
Жоғарыда көрсетілген пункттердің бірі болмаған жағдайда материалдар жарияланымға қабылданбайды.
Конференцияға қатысу тегін. Конференция қорытындысы бойынша ISBN берілген электрондық жинақ шығарылады, конференция материалдары Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің www.enu.kz сайтында жарияланатын болады.
Конференция жеңімпаздарының материалдары баспа жинаққа шығарылады.
Өтініш формасы
- Қатысушының аты-жөні _______________________________________________
- Қатысушының дәрежесі (студент, магистрант, докторант (мамандық шифрі), жас ғалым, оқытушы) _______________________________________________________
- Баяндаманың тақырыбы________________________________________________
- Секциясы ___________________________________________________________
- Секция тобы _________________________________________________________
- 6. Мекенжайы, телефон, e-mail ____________________________________________
- Оқу орны, ұйым ______________________________________________________
- Қатысу формасы:
Пленарлық мәжілісте ауызша баяндама жасау
Секция мәжілісінде ауызша баяндама жасау
Көрсетілген уақыттан кейін келіп түскен өтініштер қарастырылмайды, баяндама материалдары жарияланбайды.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды сұрыптау мәселесін өзі шешуге құқылы.
Редакциялық кеңес түскен материалдарға сараптама жүргізіледі. Материалдар сараптама қорытындысы негізінде жинаққа ұсынылады. Сараптамадан өтпеген материалдар авторға қайтарылмайды.
Іс-сапар шығындары (бару-келу, тұру және тамақтану) конференцияға қатысушылардың есебінен төленеді.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
010008, Нур-Султан қаласы, Сатпаев көшесі, 2.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Ғылым бөлімі, 408 кабинет, бас ғимарат.
Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ