Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобалық тобының мүшелері Медеубаева Ж.М., Таштемханова Р.М., Жанбулатов Р.С., Кенжалина Г.Ж. Арменияның Erasmus + Ұлттық Кеңсесі ұйымдастырған Erasmus + туралы ақпараттық вебинарлар шеңберінде Жан Моне жобалары бойынша сессияға қатысты.
Іс-шараға Армения, Грузия, Украина және Қазақстан сияқты елдерден жүзге жуық қатысушылар араласты. Сессияға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде «Жан Моне Кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобалық тобының үйлестірушісі Жанар Медеубаева Жан Моне жобаларына өтініш беру және 2018 жылдан бастап қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асырудағы топтық тәжірибесімен бөлісті.
Сессия барысында Жан Моне модульдеріне, кафедрасына және шеберлік орталықтарына өтініш берудің негізгі және маңызды мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасулар болды.