12 сәуірде Л.Н. Гумилев ЕҰУ-нің 25 жылдығына арналған «ǴYLYM JÁNE BІLІM-2021» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Еуропалық интеграция және дипломатия мәселелері» кіші бөлімінің жұмысы өтті.
Кіші бөлім «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобасын іске асыру жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Кафедра жұмысына барлық деңгейдегі студенттер қатысты: бакалавриат, магистратура және докторантура. Конференцияға қатысушылар өз баяндамаларында Еуропалық Одақтың дамуының өзекті мәселелерін, соның ішінде қауіпсіздік проблемаларын, көші-қон дағдарысын, ЕО-ның халықаралық қатынастардың басқа жаһандық және аймақтық актерлерімен қатынастарын, еуропалық интеграцияның перспективаларын және ЕО-ның басқа да дағдарыс кезеңде көптеген аспектілерін талқылады.
Еуропалық дипломатия мәселелерін талқылау қызықты өтті. Барлық конференция қатысушыларына жемісті жұмысы үшін алғыс білдіреміз!
Бөлімше жұмысының нәтижелері бойынша келесі сыйлықтарды бекіту туралы шешім қабылданды:
1 орын – Самархан Шұғыла – баяндама:
«Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың қоғамдық дипломатиясы», (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан)
2 орын – Нағыметова Қымбат, «Корея Республикасы мен Корей Халық Демократиялық Республикасының бірігуіне қатысты басты кедергілер: еуропалық көзқарас», (Нарксоз университеті, Алматы)
3 орын – Кусанова Лана, «ЕО гуманитарлық дипломатиясының негізгі бағыттары», (EAGI, Нұр-Сұлтан)
Жан Моне Кафедрадан бөлінген қосымша марапатталған:
2 орын – Нигманов Таир – «ЕО институционалды жүйесі интеграция тұрақтылығының кепілі ретінде», (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан)
3 орын – Калыкова Сабира, «Еуропалық Одақтың Қырғыз Республикасындағы Дипломатиясы», (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан)
және Серикова Дидар, «ЕО-ның мәдени дипломатиясы жұмсақ күш саясатындағы жағдай», (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан).