«ЕУРОПАЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТІК БАЯНДАМАЛАРДЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ ӨТТІ.

5 қазан күні Халықаралық қатынастар факультетінде, Жан Моне аудиториясында «Еуропалық елдердің дипломатиялық дәстүрлері» тақырыбында студенттік баяндамалардың презентациясы өтті.

Балавриаттың үшінші курс студенттері Ұлыбритания, Германия, Австрия және Дания сияқты еуропалық елдердің дипломатиясының қалыптасу факторларын,  ұлттық ерекшеліктерін талқылады.

Студенттер тақырыптарды  өз еріктерімен таңдап алды және жоғарыда аталған елдердің дипломатиялық қызметтері өткен эволюциялық жолмен олардың қазіргі сыртқы саяси бағыттарының байланысын анықтауға тырысты.

Студенттер арасынан тағайындалған сарапшылар тобы әрбір баяндамаға өз бағасын берді. Студенттер бұл тақырыпты әртүрлі бағытта оқып-білуге жалғастыруға ниет білдірді.

<--!nextpage-->