«Жан Моне кафедрасы – Еуропалық дипломатия» жобасының үйлестірушісі Медеубаева Ж.М. Брюссельде өткен Erasmus + бағдарламасы шеңберіндегі Jean Monnet Actions бойынша жасалатын жобаларды іске асыруға арналған іс-шара болып табылатын «Kick-off» кездесуіне қатысты.
Іс-шара барлық бес құрылықтың өкілдері болып табылатын «Jean Monnet Actions» ішіндегі әртүрлі әрекеттердің 230 үйлестірушісін жинады. Бұл кездесудің мақсаты «Jean Monnet Actions» бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін сенімді сараптамалық, байланыс алаңын құру болды. Іс-шара барысында аталмыш жобаларды іске асыру, нәтижелерін тарату және қолдану бойынша терең пікір алмасылды.