12 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Ғылым және білім – 2019» атты халықаралық жастар ғылыми конференциясы аясында «Еуропалық интеграция және дипломатия мәселелері» атты секцияның жұмысы болып өтті.
Секция халықаралық қатынастар факультетінде «Жан Моне. «Европалық дипломатия» Кафедрасы» жобасының іске асырылу жоспарына сай өткізілді. Оның жұмысына барлық деңгейлерің білім алушылары: бакалавриат, магистратура және докторантурдан, қатысты. Өздерінің баяндамаларында, презентацияларында қатысушылар еуропалық тақырып бойынша әртүрлі мәселелерді көтерді. Еуропалық елдердің сыртқы саясатына, жалпы сыртқы саясатына, киберқауіпсіздікке және ЕО дипломатиясына қатысты қызықты баяндамалар болды. Дағдарыстық жағдайларды реттеу және санкциялар саясаты төңірегінде пікір алмасу өтті.
Конференция қорытындысы бойынша осы секцияның жұмысын дәстүрге айналдыру, келешекте «Еуропа достары» клубының аясында еуропалық тақырыптарды зерделеу және талқылауды жалғастыру туралы тілек білдірілді.