ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІСІ СВЕН-ОЛОВ КАРЛССОННЫҢ ДӘРІСІ

Ағымдағы жылдың 23 мамырында халықаралық қатынастар факультетінде Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Свен-Олов Карлссонның ЕО қызметінің мәселелері және ЕО мен Қазақстан Республикасы арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері туралы дәрісі оқылды. Бұл іс-шара Қазақстандағы Еуропа күндерін, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дағы Күлтегін күнін атап өтуге арналды. Еуропалық Одақ елшісінЛ.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ғылым жөніндегі проректоры Г.Т. Мерзадинова  және Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Б.Ж. Сомжүрек құрметпен қарсы алды.

Дәріске студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар және еуропалық тақырыптқы қызығушылық танытатын көпшілікқатысты.Дәрістен кейін Елші мырза Свен-Олов Карлссон студенттердің сұрақтарына жауап берді.Сондай-ақ дәріс тақырыбы бойынша викторина ұйымдастырылды, оның жеңімпаздары естелік кәдесыйлармен марапатталды.

Соныменқатар, ЕлшіСвен-ОловКарлссонмырза Жан Моне «Еуропалықдипломатия» аудиториясына (340 аудитория) кіріп шықты. Аудитория Эразмус + шеңберінде «Жан Моне – Европалық дипломатия» жобасын іске асыру аясында ашылған және оның жабдықталуына Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігі қатысқан.

Іс-шараның маңыздылығы – жас ұрпақтың Еуропалық Одақ туралы білімін кеңейту және ЕО қызметінің, Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара қарым-қатынастардың маңызды аспектілеріне назар аудару болып табылды.