«Жан Моне «Еуропалық дипломатия» кафедрасы» жобасының үйлестірушісі Медеубаева Ж.М. Эрасмус + Еуропалық Одақ бағдарламасы бойынша «Welcom» жобасын жүзеге асыру аясында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен «Интернационализация аймақтық даму хабының драйвері» атты халықаралық конференцияға қатысты.
Конференция барысында университеттерді интернационализациялау, интернационализацияның стратегиялық даму жоспарын құру, шетелдік студенттерге ұтқырлығын кеңейту үшін жағдай жасау мәселелерін қарастырылды. Испания, Португалия, АҚШ, Швеция және Эстония университеттерінің өкілдері осындай өзекті мәселелерге қатысты көзқарастарын білдіріп, пікірлерімен бөлісті.