Жоба тобының мүшесі Жанбулатова Р. ғылыми тағылымдама шеңберінде Париждегі Еуропа үйінде өткен бір қатар пікірсайыстарға қатысты

«Жан Моне Кафедрасы. Еуропалық дипломатия»  жоба тобының мүшесі Жанбулатова Райхан ғылыми тағылымдама шеңберінде Париждегі Еуропа  үйінде өткен  бір қатар пікірсайыстарға  қатысты.

                         

Атап айтқанда,    Еуропалық Одақтың  қауіпсіздік және қорғаныс саясаты туралы пікірталасқа Франция Республикасы Сенатының  вице-президенті Х. Конвай – Море және,  Жан Монне Ассоциациясы Президенті, М. Брауд қатысты.

Айта кету керек, сонымен қатар, тағы бір пікірталаста, БАҚ пен әлеуметтік желілердің рөлін талқылауға  Т.Тервонен,  журналист, еуропалық құндылықтарды қолдағаны үшін беделді Луис Вайс сыйлығының лауреаты, В. Огер, Еуропалық журналистер қауымдастығының президенті, «Шекарасыз репортерлар» үкіметтік емес ұйымының мүшесі С. Грениер қатысып,  ЕО-дағы баспасөздің қазіргі жағдайын талқылады, еуропалық бұқаралық ақпарат құралдары қаржыландыру,  әлеуметтік желілермен бәсекелестік, жалған ақпараттың көбеюінде қиындықтарға тап болып жатқанын атап өтті. Барлық баяндамашылар журналистика этикасының маңыздылығына тоқталды.