Ағымдағы жылдың 9 қарашасында жобалық топ мүшелері Жанар Медеубаева мен Райхан Таштемханова «Еуропаның 30-жылдық межесі. «Қырғи қабақ соғыстың» аяқталуы (этникалық топтардың бірге өмір сүруінің жаңа мәселелері мен болашағы)» конференциясына қатысты.
Конференцияны Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қор М.Нарықбаева ҚазГЗУ Университетінде ұйымдастырды. Конференция барысында Берлиндегі Конрад Аденауэр қорының Еуропалық және халықаралық ынтымақтастық бөлімі бастығының орынбасары Фрэнк Прис, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Доктор Тило Клиннер, Германия Федералды Қаржы министрлігінің бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хартмут Кошик Берлин қабырғасының құлауы, оның бүкіл әлем үшін маңызы және тарихтың әрі қарайғы бағытына әсері туралы естеліктерімен және пікірлерімен бөлісті.