«ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2020» атты XV Халықаралық ғылыми конференция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2020 жылдың 10 сәуірінде өтетін «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2020» атты XV Халықаралық ғылыми конференциясына студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды қатысуға шақырады.

Конференция аясында Еуропалық интеграция және дипломатия мәселелері секциясының жұмысы жоспарланған (Жан Моннет-Еуропалық дипломатия жобасының аясында).

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Бір адам екі реттен артық автор немесе қосалқы автор бола алмайды.

Материал көлемі 3-тен 5 бетке дейін.

Қатысу шарты:

Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.

Конференцияға қатысушылар тиісті секция бойынша 2020 жылдың 25 наурызына дейін электрондық сілтеме арқылы онлайн-тіркеуден өтулері тиіс.

Тіркеуден өту үшін:

–    рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес баяндама мәтінін;

–    жіберілетін материалға ғылыми жетекшінің немесе факультет басшысының пікір-ұсынысын (сканерленген нұсқада); жіберулері қажет.

Жоғарыда көрсетілген пункттердің бірі болмаған жағдайда материалдар жарияланымға қабылданбайды.

Конференцияға қатысу тегін. Конференция қорытындысы бойынша ISBN берілген электрондық жинақ шығарылады, конференция материалдары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің www.enu.kz сайтында жарияланатын болады.

Ақпараттық хат