Құрметті достар! Бүгін біз коронавирустық пандемияға байланысты бұрын-соңды болмаған жағдайға тап болдық. Біздің еліміздегі және әлемнің көптеген елдеріндегі бүкіл білім беру жүйесі қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Біз соңғы жылдары кең аудиторияға өз бетімен, қосымша білім алуға мүмкіндік беру үшін қашықтықтан оқыту туралы көп айтып келдік және көлемін кеңейтуге тырыстық. Кез-келген дағдарыстың немесе қолайсыз контексттің жағымды жақтары бар екені белгілі. Енді тікелей оқыту мүмкін емес болып, үйде отырғанда біз қашықтан оқытудың барлық мүмкіндіктерін пайдалана аламыз.
«Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобалық тобы 2019 жылы «Еуропалық дипломатия мен интеграцияның өзекті мәселелері» атты қашықтық мектеп өткізді және биыл біз оны жаңартылған мазмұнмен өткізбекпіз. Жоба бойынша қарастырылған барлық пәндер zoom, googleclassroom сияқты білім беру қосымшаларын көмегімен онлайн, офлайн режимінде өткізіледі.
Біз барлығыңызды мүмкін желілер арқылы білім алу, мамандық игеру мүмкіндіктерін кеңейтуге және білімділігіміз, қабілеттілігімізбен үрейге, дүрбелең мен депрессияға қарсы күресуге шақырамыз!