«Еуропалық интеграция мен дипломатияның өзекті мәселелері» атты халықаралық қашықтық мектеп басталды

Биылғы 13 сәуірден бастап «Еуропалық интеграция мен дипломатияның өзекті  мәселелері» атты халықаралық онлайн-мектеп жұмыс істей бастады. Мектепке қатысу үшін тіркелген Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі аймақтарынан  70 орта мектеп мұғалімдері, колледждер мен университеттер оқытушылары мектеп контентімен танысып, бақылау сұрақтарына жауап беруде.

Қашықтықтан оқыту материалдарын MOODLE.ENU қашықтықтан оқыту ресурсында алуға болады. Контентке  еуропалық дипломатия мен интеграцияның жағдайы мен дамуы туралы материалдар, сонымен қатар, Еуропалық Одақтағы соңғы оқиғалар мен тенденциялар туралы тың аналитикалық мәліметтер  кіреді. Халықаралық онлайн-мектеп қатысушыларға ғылыми және әдістемелік жағынан пайдалы болады деп ойлаймыз.