Бір айдан астам уақыттан бері «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобасын жүзеге асыру жоспары аясында қарастырылған пәндер бойынша сабақтар көптеген онлайн-платформалар арқылы қашықтықтан өткізілді.
Осы уақыт ішінде оқытушылар да, студенттер де әрі қарай даму үшін қажетті құзыреттіліктерін толықтыруда құнды практикалық тәжірибе жинады. Біз Zoom, Google Classroom сияқты білім беру платформаларын жақсы игердік. Ең бастысы, жастар болашағын жақсарту үшін білім алу, кеңейту және болашақ өмірге қажетті жаңа дағдыларды игеру үшін ешқандай кедергілер жоқ екенін түсінді деп ойлаймыз. Қазіргі кезде осы пәндер бойынша емтихан алудың студенттер үшін ыңғайлы да ұтымды жолдары мен қалпы ойластырылып жатыр.