2019-20 оқу жылы «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобалық тобы үшін де аяқталады. Өткен жылдардағыдай емес, көктемгі семестр толық дерлік қашықтықтан өтті. Біз өз пәндерімізді zoom, M Teams, Google classroom платформалары арқылы өткіздік, бұны бұрын болжау мүмкін емес еді. Жағдайға байланысты біз жиі оқу жоспарларымызды жаңартып, бейімдеп, оқытудың жаңа әдістерін және қашықтағы студенттермен кері байланыстың жолдарын іздедік.
Сонымен қатар емтихан сессиясы оқу процесінің логикалық қорытындысы ретінде дәстүрлі емес болды. Студенттер емтиханды офф лайн режимінде тапсырды, алдын-ала оларға шағын жобалар түрінде жеке немесе топтық жұмыс үшін тақырыптар берілді. Онлайн емтихандар M Teams негізінде жазбаша немесе ауызша түрде өткізілді. Емтихан билеті нөмірін анықтау үшін рандомайзер қолданылды. Оқушылардың жауаптары түпнұсқа мәтінінің деңгейіне тексерілді.
Қашықтан оқыту айлары ішінде біздің студенттер және біз жұмыс, қарым-қатынас жасаудың жаңа тәжірибесін алдық және оқу процесінің субъектілері арасында тікелей байланыс білім алу мен құзыреттілікті меңгерудің ең қысқа жолы екенін түсіндік. Ал қашықтықтан оқыту, әсіресе, короновирустық пандемияға байланысты карантин кезіндегі әлеуметтік оқшаулану жағдайындай, көмекші, толықтырушы құрал болып табылады.